|
27.03.2017 | 11:49
2886

Алматының тұрғындары мейрамда жыршы-термешілердің өнерін тамашалады

Мейрам қарсаңында қала тұрғындары еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жыршы-термешілердің өнерін тамашалады. Наурыздың 20-сы күні «Дін - мұсылман аманда» деген діни-рухани жыр-термелер кеші болса, 21 күні «Тұлпар мініп, ту алған» деген тақырыппен ұлт-азаттық жыр-толғаулар орындалды. Ал, 22 наурызда жалғасқан шара «Атымды адам қойған соң...» атты адамгершілікті, ізгілікті жырлаған концертпен жалғасын тапты. Өнер мерекесіне елге танымал Алмас Алматов, Берік Жүсіпов, Құрманбек Бекбейіс, Амандық Көмеков, Серік Жақсығұлов, Шолпан Бейімбетова, Майра Сәрсембаева сияқты жыршы-термешілер жыр сүйер қауымды өнерімен тәнті етті. «Мәңгілік ел» жыр-фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ұйымдастырылды. 

«Батырлық жыр дастандар қазақтың егеменді ел, дербес мемлекет болып ұлт-азаттық көтерілістерімізбен сол кездегі батырлық жыр-дастандар. Мысалға, Кененнің Әли батыр жырлары сол секілді Кенесары-Наурызбай жырлары бұлардың барлығы дерлік, жыршылардың, жыраулардың ақыл-ес санасыменен келді ауыздан-ауызға. Демек, бүгінгі жыршы-жыраулар тек қана орындаушылық күйде емес, рухани ағартушылық жетекшісі, жетекші күйге айналуы керек»,- деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алмас АЛМАТОВ.

 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир