|
14.06.2017 | 10:00
1922

Алматының Түрксіб ауданында қаңыраған үй қауіп төндірді

Қаңыраған үй қауіп төндірді. Алматының Түрксіб ауданының тұрғындары иесіз қалған үйді сүріп тастауды талап етуде. Өйткені, тозығы жеткен тамның кірпіштері опырылып жатыр. Кішкентайларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар біздің арнадан көмек сұрады. Тұрғындар шағымданған апатты баспананы тілшіміз көріп қайтқан болатын.

Палладин көшесіндегі тұрғындарды бұрыннан бері мезі еткен үй осы. Үй деген аты болмаса, тірі жан тіршілік етуге келмейді. Тозығы жеткен тамның қабырғалары сөгіліп, кірпіштері күн сайын опырылып жатыр. Онсызда тар көшеде тұратын балалардың осы маңда ойнайтын көрінеді. Ата-аналар зар қақсап қаупін ескертсе де, ойын баласы елемейді. Сондықтан, олар қаңырап бос тұрған баспананы сүріп тастауды талап етуде.

«Балам төртеу, мына шарбақтан сыртқа шыққанда өте қорқамын. Қауіпті өте, бала-шағама қауіпті. Мына көршілерде майда балалар көп өте»,- деді Қала тұрғыны, Ырысалды АСАНОВА.

Иесі қайтыс болғасын, үйдің қаңырап қалғанына да төрт жылға жуықтапты. Осы аралықта бұл жердің тұрғындары тамның апатты екенін айтып, жергілкті әкімдіктен талай рет көмек сұрапты. Алайда, жауапты дегендер бір-біріне сілтеп, тұрғындардың жан айқайын құлаққа ілмеген.

«Үш-төрт жылдай жүгіріп жүрміз иесіз қалғаннан бері. Өйткені, үй бірінші иесіз қалған кезде бұл үйде қаңғыбастар қонатын. Біз қорқатынбыз, үйді өртеп жібереді деп. Кейін үй ақырындап қирай бастады. Соның өзінде бұл үйге нашақорлар келіп жүре беретін. Участковыйды шақырушы едік, ол келіп қаңғыбастарды алып кетеді. Олар бәрібір мына жерге қайта келіп жиналады»,- деді Қала тұрғыны, Айгүл МАЙЛИНОВА.

Қараусыз қалған там қазір қобырсып тұр. Бұл бірінші мәселе. Ал, екіншісі қоқыс тастайтын орынға да айналып кеткен. Өткен-кеткеннің барлығы да тұрмыстық қалдықтарды қараңғы түссе осында лақтырып кететін көрінеді. Ал, салдарын көршілер тартып отыр. Олар қолқаны қабар сасық иіске әбден тұншықтық дейді. Бұл мәселенің барлығынан жергілікті әкімдік хабардар екен. Алайда, шара қолдануға қолдары қысқа.

«Анасы тұрған, анасы қайтыс болғаннан кейін үй баласына қалады ғой. Соған байланысты біз оған келіп айтқанбыз, «үйіңді жөнде, дұрыста» деп. Қазіргі таңда ол кісінің жағдайы төмен. Тағы да оны тауып сөйлесеміз. Бұл үй әзірге біреудің жеке меншігінде. Жеке меншіктің иесі болғандықтан, біз оны сүріп тастай алмаймыз»,- деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Болат БАЙДІЛДАЕВ.

Бос тұрған сұрықсыз тамды сүруге қауқарсызбыз деген жауаптылар, «тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз» деп уәде етті. Шенділер, осы апта ішінде опырылып құлап жатқан үйдің маңына қоршау тұрғызбақ.

Айдана Мейрамбайқызы, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир