|
20.12.2016 | 12:05
1487

«Алматытелеком» компаниясы қызметкерлерін марапаттады

Ел тәуелсіздігі мерейтойына орай «Алматытелеком» компаниясы да үздік қызметкерлері мен абоненттерін марапаттады. Мекеменің ең басты жетістігі ретінде шалғайдағы тұтынушыларын ұмытпағанын айтуға болады. Сол себепті абоненттері де ескерусіз қалмады


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараға Алматытелеком мекемесінің 400-ден аса қызметкері қатысты. Жиында сөз алған компания басшысы ел дамуында кәсіпорынның қосқан үлесіне тоқталды.


«Қазақстан бұл тұрақты нарықты экономикасы бар мемлекет. Сонымен қатар, осы тұрақтылыққа Қазақтелеком акционерлік қоғамы да өз үлесін қосуда. Біздің компания «Самұрық Қазына» ұлттық әл ауқат қоры компаниялар тобының қатысушы бола отырып, үлкен нәтижеге қол жеткізіп, менеджмент және басқарушылық стратегияларды жақсартуда»,- деді «Алматытелеком» ӨТД бас директоры, Шерхан РАЗДЫҚОВ.


Жиын барысында компанияға елеулі еңбек еткен қызметкерлер мен үздік абоненттер марапатталды. Олар мекеме ұсынып отырған қызмет түрін жоғары бағалайды.


«Қарапайым маманнан бастап, әр бөлімнің бастықтарынан бастап, аянбай еңбек ету арқасында осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Марапат біздер үшін, әрине өте маңызды және жаңа белестерге жетуге талпындырады»,- деді «Алматытелеком» ӨТД инженері, Амандос ДҮЙСЕНБАЕВ.

 

Алматытелеком компаниясы күн сайын соңғы технологиялармен жабдықталып, техникаларын жаңартып отырады. Сондай-ақ, Инновациялық қызмет түрлерін ұлғайтуда әрі жұмыс жасау шарттарын жақсартуды ұмытпаған. Бұл қызметкерге талпыныс пен  жалақының өсіміне әсер етеді дейді жауаптылар.

 

Азамат Әуезхан, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир