|
03.03.2017 | 10:17
1565

Американың Иллинойс пен Миссури штаттарында құйын жүздеген үйді қиратып кетті

Американың Иллинойс пен Миссури штаттарында жойқын құйын жүріп өтіп, жүздеген үйді қиратып кетті. Салдарынан Иллинойстағы Нейплейт қаласында 1 адам ағаш астында қалып көз жұмса, тағы бір адам өз үйінің үйінділері астында жан тәсілім еткен. Әзірге, 3 адамның қаза болғандығы анықталып отыр. 10-нан астам адам зардап шегіп, жүз шақты үй толық қираған. Қара құйыннан Арканзас, Айова, Кентуки, Теннесси, Огайо және Индиана штаттары да жапа шеккен. Алып құйынның сағаттық қарқыны 250 шақырымдық жылдамдықпен соққан. Салдарынан 30 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Жергілікті билік өкілдері жағдайды реттеп, халықты сақтық шараларын сақтауға шақыруда.

«Қара құйын басталғанда, балам жасырынатын жер іздей бастады. Жуынатын бөлмеге барып, сонда қорғандық. Одан кейінгі есімдегі нәрсе, ұлым мені сүйрелеп жатыр екен. Апат жағдай орын алған жерге құтқарушылар бізді терезеден шығарды. Үйді қалпына келтіру мүмкін емес», - деді зардап шегуші Дебби ЛОУРИДЖ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир