|
19.05.2017 | 10:37
2078

Асанәлі Әшімов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды

Асанәлі Әшімов Қазақстанның Еңбек Ері атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. 40 жылдан аса уақыт таныспыз деген мемлекет басшысы, халық әртісінің төсіне алтын жұлдызды тақты. Президент мерейтой иесінің мерекелік кеші Мұхтар Әуезов атындағы театрда жоғары деңгейде өткенінен хабардар екенін айтты.

«Біздің қазіргі театр, кино өнерінің ішіндегі ең саңылағы - сізсіз. Сондықтан елге керексіз. Асанәлі Әшімовтың мектебі ашылды. Әлі күнге дейін қол қусырып отырмай, жұмыс істеп келе жатырсыз. Осының барлығына мен өзімнің ризашылығымды білдіріп, рахметімді Елбасы ретінде, елдің атынан айтқым келеді», - деді  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Беріп жатқан наградаңыз мен үшін аванс деп есептеймін. Басым жас, алда көптеген жұмыстар күтіп тұр. Соның бәрін орындауға тырысам, сондықтан сізге мың да бір рахмет», - деді КСРО, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир