|
23.06.2017 | 11:17
1749

Астанада Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы басталды

Астанада Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы басталды. Жер жүзінің 40-қа жуық елінен жиналған қандастар алдымен «Қазақ елі» монументіне гүл шоғын қою рәсімін жасады. Бұдан соң ата жұртқа алғаш табан тіреген қандастар ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында бой көтерген «Қазанат» этно-ауыл кешенін аралады. Алыс-жақын елден жиналған ағайынға ұлттық дәстүрден көріністер көрсетіліп, ән-жырдан шашу шашылды. Бұл жолғы құрылтайға жастар көбірек келген. Тек ресейден 65 адам келсе, Моңғолия делегаттарының жиыны 40 адамды құрайды. Швеция, Германия, Түркия сынды Еуропаданда жүзге жуық адам қатысып жатыр.  Ал Тәуелсіздік Сарайында өтетін негізгі іс-шараға Елбасы қатысып, сөз сөйлемек.

«Жер жерде, әлемде қазақтың талантты ұл-қыздары толып жүр. Солар идея алып келсе... Жан жақтан келген жастар, үлкен кісілер жақсы идеялар айтса... Содан кейін алдағы бес жылды күтіп отырмай, бүгінен бастап жұмыс жасаса. Келесі инновациялық құрылтайға ақша бөлінсе, соған жол картасы жасалып, сол бойынша қадам қадаммен жұмыс жасалса», - деді Қазақстан ғалымдары одағының президенті Оразалы СӘБДЕН.

Құрылтайға келген адамдардың жалпы саны бір мыңнан асады. Олардың 60 пайыздан астамы жергілікті зиялы қауым өкілдері. Үш күнге жалғасатын айтулы шарада көші-қон, білім, бизнес саласында сырттағы ағайын мен жергілікті қазақтардың бірігіп жұмыс жасауы талқыланбақ. Барлық министрлік өкілдерінің қатысуымен бес секцияға бөлінген іс-шара мен әлем қазақ жастарының форумы да өткізілмек. Дәл қазіргі сәтте құрылтайға жиналған жұрт Астана Опера театрында «Қыз Жібек» операсын тамашалап жатыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир