|
09.06.2017 | 11:34
1348

Астанада ЭКСПО көрмесінің өтуіне соңғы дайындықтар жасалып жатыр

Бүкіл әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына нәбері 1 күн қалды. Қазірдің өзінде Елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған туристерді әлден-ақ байқауға болады. Дүбірлі шараның ойдағыдай өтуіне Астана соңғы дайындықтарын жасап жатыр. Қауіпсіздік шарасын қадағалайтын құзырлы органдарымен қатар, демалыс орындары мен қонақүйлер де күн-түн демей қызмет етуге дайын. Аспазшылар болса ұлттық тағаммен талайды таңқалдырамыз дейді.

Мемлекет үшін мерейлі шараны абыроймен атқаруға әр азаматтың үлесі қосылары сөзсіз. Айтулы шараның маңыздылығы қарапайым аспазға да мәлім. Көрменің ашылуы жақындаған сайын Гүлзира апайдың жұмысы да, жауапкершілігі де артқан. Талғамды анықтау қиын, бірақ ұлттық тағам кез келгеннің көңілінен шығады дейді аспаз. Осыған орай, қазы-қарта, жал-жая, қазақша ет ас мәзірінің алдыңғы тізімінде екен. Кәде сыйда ұмыт қалмапты.

«Шетелден келген қонақтарға біз өзіміздің қазақи дәстүрлі тағамдарды дайындаймыз. Біздің ас мәзірінде қазақтың өзге де тағамдары бар. Қуырдақ бар, бешбармақ бар», - деді аспаз Гүлзира ОРЫНБЕКОВА.

Адамның арқауы болған ұлттық астан дәм тату - елдің мәдениетін білудің бір жолы. Ал, меймандарды қарсы алып, жайғастыру бөлек әңгіме. Қонақ үйлер, хостелдер мен қарапайым пәтер санитарлық талапқа сай  таза болуы шарт. Әрі, адам сыйымдылығын толыққанды қамтуы қажет.

«Қазіргі кезде Астана қаласында 190 қонақ үй бар 13 мыңнан астам адамға арналған. 82 хостел жұмыс істейді. Ол 2600 орынға арналған. Сонымен қатар, сайтта жазылғандай 3000 пәтер 10 000 орынға арналған. Соңғы кезде  қараған кезде 1 нөмірлік орын 70 000 теңгедей болған 4-5 жұлдызды қонақ үй», - деді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС бас менеджері Бексұлтан ӘБДІРАХМАНОВ

Ауқымды шараға орай, қауіпсіздік шарасы да күшейтілген. ЭКСПО аумағында полиция бөлімшесі мен өрт сөндіру депосы бар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы 5 000 мыңнан астам қызметкер қатыспақ. Көрме нысандарына  20 мыңанан астам бейнебақылау камералары орнатылған. Әрі, шетелдік азаматтарды тіркеу жеңілдеген.

«Астана қаласы ІІД көшін - қон полициясының  қызметі тәулік бойы жұмыс іситейді. Яғни, ЭКСПО-ға келушілерді, шетел адамдарын уақытша тіркеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қала қонақтары мен шетел азаматтары онлайн режимде тіркелуге мүмкіндігі бар», - деді ІІД ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Халықарылық көрме аясында келушілерге барынша жағдай жасалыпты. Мына екі қабатты автобуста делегаттар үшін қызмет көрсетеді. Ал, туристердің қалада адасып қалмауы үшін арнайы жол нұсқаулықтары да дайындалыпты. Бұл саяхатшылардың кез келген орынды адаспай табуына мүмкіндік береді.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» арнасы Астанадан



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир