|
07.02.2017 | 09:55
1405

Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша xалықаралық теxникалық кездесу өтті

Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша xалықаралық теxникалық кездесу өтті. Бірнеше елдің БАҚ өкілдері алдында Ресей Федерацисының қарулы күштері бас шұғыл басқарма басшысы мәлімдеме жасады. Станислав Гаджигомедовтың айтуынша, Ресей, Түркия, Иран мен Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері бір үстел басында бас қосқан.  Айта кетейік, бұл топ қаңтардың 23-24 күндері құрылған еді. Маңызды міндетті арқалаған алқалы топ Сирияда әскери іс-қимылды тоқтату режимін орындау барысын талқылаған. Осы режимді толығымен орындауға қажетті арнайы бақылауды жүргізу, сан алуан арандатушылық әрекеттердің алдын алу режимінің барлық талаптарын орындау жайлы сөз еткен.

«Отырыстың қатысушылары өзара сенім шараларын пысықтап, гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілу мәселесін талқылап шықты. Делегациялар Сирияда әскери іс-қимылды толығымен тоқтатуға мүдделі екендерін жеткізді. Барлық қатысушылар Астана процессін жалғастыруға арналған талқылау алаңын ұсынғаны үшін, сондай-ақ Астанада әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі бірлескен топтың алғашқы отырысына барлық жағдай жасағаны үшін шын алғыстарын жеткізді», - деді РФ Қарулы күштері бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары Станислав ГАДЖИМАГОМЕДОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир