|
31.03.2017 | 11:32
1348

Атырауда болған дауылдан бірнеше үйдің шатыры қираған

Күні кеше Атырауда болған дауылдан бірнеше үйдің шатыры қирап, ағаштар құлаған. Ауа райын болжаушы мамандардың мәлімдеуінше, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен. Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ дейді. Қазір дауыл қиратып кеткен аймақтарды тазалау және жөндеу  жұмыстары жүріп жатыр.


«Ағымдағы жылдың 29 наурызында Атырау облысында болған дауыл 6 мекеменің шатырын жұлып әкеткен. Олардың біреуі Атырау қаласында болса, қалған 5-еуі облыс аудандарында. Жалпы аумағы 1635 шаршы метр шатыр құлаған. Кесірінен 5 көлік бүлінген. Оқиғадан зардап шеккен адам жоқ»,- деді Атырау облысы ТЖД бойынша мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Элеонора КЕНЖАЛИЕВА.


Айта кетейік, 30 наурыздан 1 сәуірге дейін елімізде ауа райы күрт суытып, арты жауын-шашынға ұласады. «Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарында дауылды алдын ала ескерту жарияланған. Бұған байланысты Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы шектелді.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир