|
12.01.2017 | 10:51
2029

Ауа райына байланысты тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы нашарлап, тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Алматы облысында Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық», «Сарыөзек-Көктал» автожолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тиым салынды. Түске дейін арнайы техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, «Сарыөзек-Көктал» автожолы ашылды.


«Үшарал-Достық» автожолының 100 шақырымы толықтай жабылған. Бұл аумақта көліктердің жүруіне рұқсат жоқ. Өйткені, күн күрт суытып, өңірде қарлы боран түтетіп тұр. Одан өзге,  бүгін таңертең «Сарыөзек-Көктал» тас жолының бойындағы Қоғалыдан Басшы стансасына дейінгі аумақта да көліктің барлық түрінің қозғалысына тиым салынды. Түс ауғанша тазарту жұмыстары жүргізіліп, «Сарыөзек-Көктал» тас жолы ашылды. 


«15-00 де "Сарыөзек-Көктал" тас жолы ашылды. Қар тазалауға 7 арнайы жабдықталған техника жұмылдырылды. Ал "Үшарал-Достық" тас жолын тазалап жатыр. Бұл бағыттағы тас жол қашан ашылады деген сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Мұның бәрі ауа-райына байланысты»,- деді «Қазақавтожол» РМК баспасөз хатшысы, Олжас БАЙМҰХАНОВ.


«Үшарал-Достық» автожолы тау аңғарларында орналасқандықтан, климаты қолайсыз. Үнемі бұрқасын, ызғырық жел тұрып, салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар, Қарағанды, Ақмола облыстарында облыстық және жергілікті маңызы бар бірқатар тас жолдарда жабылды. Жылы шуағымен қуантып тұрған Алматының ауа-райы да алдағы уақытта суытады. 


«Алматыда соңғы күндері жауын-шашын болған жоқ. Күндіз ауа температурасы +7 ге дейін көтерілсе, түнде -7 ге түседі. Ал, қаланың батыс бөлігінде түнде -9 ға дейін төмендейді. Ертең, қар жауады деген болжам бар. Десек те температура 4 градусқа дейін жылы болады»,- деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы, Светлана АМАНҚҰЛОВА.


14 қаңтарда ауа-райы -7; -12 градусқа дейін түседі. 15 қаңтардан бастап 20-на дейін жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Ауа-райының өзгеруіне көршілес Өзбекстаннан келе жатқан қалың бұлт әсер етеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир