|
19.01.2017 | 11:06
1327

Ауыл әкімдері жемқорлыққа қарсы қызметтің «клиентіне» айналмауы тиіс

Ауыл әкімдері жемқорлыққа қарсы қызметтің «клиентіне» айналмауы тиіс. Жаңа жылда  алғаш рет бас қосқан төменгі палата депутаттарының  жиынында  Мәжіліс спикері осылай деді. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Жергілікті өзін-өзі басқару» заңын таныстырды. Су жаңа министрдің заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Десе де көптеген толықтыруларды қажет етеді деді халық қалаулылары.  

Министр болғаныма қуаныштымын! Екі езуі жиылмай жаңа лауазымына дән риза  Тимур Сүлейменов пленарлық отырыста осылай деді. Қуандық Бишімбаевтың орнына жайғасқан мемлекеттік тілге шорқақ министр жарты жылда қазақ тілінде сайраймын деп уәде етті. 39 жасар  Ұлттық экономика министрі адал болған жағдайда ғана  биік мінберге шығудағы жолың даңғыл болады деген пәлсафалық ойларымен бөлісті.

«Мен өзімді жас министрлер қатарына жатқызбаймын. Еңбек өтілім 17 жыл. Жалпы менің айымша, жас министрлерге деген теріс көзқарасты өзгерту қажет. Басшылыққа, қол астыңдағы адамдарға асқан жауапкершілікпен қарасаң болғаны», - деді  ҚР Ұлттық экономика министрі  Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

Министр мәжілісмендерге  «жергілікті өзін-өзі басқару» заңын таныстырды. Орынтаққа жайғасқанына бір ай да болмаған  су жаңа министрге сұрақтар қарша борады. Жаңа құжат бойынша еліміздегі 2500 әкімнің қолына бір мезетте 110 млрд теңге беріледі. Сондай-ақ коммуналдық меншікті басқару функциясына ие болады. Қарапайым ауылдық округтің әкімі бірден мұндай қомақты қаражатты игере ала ма деген сұрақ көптің көкейінде болды. Қайта жемқорлықты өршімітіп алу қаупі бар.  Шешiмiн таппаған бұл мәселелер заң жобасының шикiлiгiн көрсеттi.

«110 млрд-тай ақшаны біз 2,3 деңгейлі бюджеттен алып, 4 деңгейге жіберіп жатырмыз. Қаражатты әкім қадағалайды. Заң жобасына сәйкес, әкімшіліктің өзіне беріп қойыпсыздар. Ал, бүгінге қаржы бақылау жүйемізде бұл салаға бақылау органы бекітілмеген», - деді  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан ӨКСІКБАЕВ.    

«Ақ жол» партиясы Сағынтаев пен Ақышевтан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәселесін басқаша шешуді сұрады. Арнайы депутаттық сауал жолдады. Фракция депутаттары  қордың қаражатын басқару мемлекет қарамағында және ашық болуы керек деп санайды. Сонымен қатар, депутаттар индустриализация бағдарламасы аясында зейнетақы жинақтарын инвестиция құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир