|
29.12.2016 | 09:42
2198

Балаларға арналған Алматы қаласы әкімінің шыршасы өтті

1700 бүлдіршінге 1700 сыйлыққа толы себет. Балаларға арналған Алматы қаласы әкімінің шыршасы өтті. Салтанатты шара әдеттегідей Орталық циркте сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлерінің қойылымымен өрбіді. Қала әкімінің арнайы шақыруына ие болған балдырғандар 3Д форматтағы шоу мен жануарлар өнерін тамашалады. Жаңа жылдық шара туралы тілші бейнематериалында.


Жаңа жылдық шырша мерекесі мың бұралған балдырған бишілер тобының өнерімен басталды. Биылғы шара бұрыңғылардан өзгерек. Қойылым алдағы жылы Алматыда өтетін Универсиада мен Астанада болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өрбіді. Келе жатқан тауық жылының еліміз үшін өте маңызды және жауапкершілігі мол екені айтылды. 


Жаңа жылдық шыршаға жиналған балаларды Аяз ата мен Ақшақар құттықтады. Алматы қаласы әкімі атынан ұйымдастырылған шараға 1700 бүлдіршін шақырылған. Олар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балдырғандары. Сонымен қатар, сабақта озат оқушылар да бар. Балдырғандарды Алматы әкімі де құттықтады.


«Жаңа жыл мерекесіне келетін болсақ, әсіресе балалар үшін өте сыйқырлы, қызықты кезең. Осы жылдың шінде сіздер өздеріңіз жақсы оқып, жетістіктерге жетіп, ата-аналарыңызды тыңдап, ұстаздардан білім алып, үлкен нәтижеге жетіп, осы залға келіп отырсыздар. Сондықтан, сіздерге денсаулық, табыс және жақсылық тілеймін»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Шырша мерекесінде цирк әртістері мен үйретілген жануарлар балалардың көңілін көтерді. Ертегі кейіпкерлері болса, көрермендерді қиял-ғажайып әлеміне жетеледі. Мерекелік шара 3D лазермен сүйемелденді. 


Айта кетейік, Алматы әкімінің шыршасына шақырту алған 1700 бүлдіршінге тәттілер, ойыншықтар және дәптер, қаламсап сынды жаңа жылдық сыйлық тарту етілді.


Аршын Кемелжан, Ялкунжан Әшімжанов, "Алматы" телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир