|
20.12.2016 | 12:52
2062

«Байбесік» ықшам ауданында болған өрт 340 шаршы метрді қамтыған

Алматы да тағы өрт. Алатау ауданы «Байбесік» ықшам ауданында болған өрт 340 шаршы метрді қамтыған. Қалалық төтенше жағдай қызметі пультіне қызыл жалын туралы хабар түнгі сағат он бір отыз алтыда келіп түскен. Оны ауыздықтауға 60 жеке құрам және 12 арнайы техника жұмылдырылған. Өрт толығымен түнгі сағат он екі қырық жетіде өшірілген.

«Өрт сөндірушілер шақырылған орынға жеткенде 8 бөлмелі уақытша баспананың шатыры жанып жатқан еді. Кенеттен газ баллонының жарылысы естіліп, өрттің жақын арада орналасқан салынып жатқан екі қабатты үйге ауысқанымен от шарпыған екен. Қазіргі таңда өрттің көзі толығымен жойылып, зардап шеккендер жоқ», - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.

Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандарға  арнайы мемлекеттік наградалар табысталды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған арнайы төсбелгі төтенше жағдай қызметкерлеріне тағылды. Өрт сөндірушілер қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Оқыс оқиға болмаса да, өрт сөндірушілердің әр минуты, әр секунды санаулы.

«Менің бұл салада жүргеніме 21 жыл болды. Қазір 5-ші өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет етемін. Біздің бірінші міндетіміз адам өмірін құтқару», - деді №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Мейіржан ӘМІРӘЛИЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир