|
25.05.2017 | 11:28
874

БЖЗҚ активтерін Apple, Microsoft және Facebook акцияларына инвестициялауы мүмкін

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қоры активтерін Apple, Microsoft және Facebook акцияларына инвестициялауы мүмкін. Қазіргі таңда Ұлттық Банк зейнетақы қорының активтерін әлемдік қор индексі MSCI World-ке инвестициялау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Ұлттық Банктың төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.Оның айтуынша, Ұлттық Банк зейнетақы қорының валюта бөлігіндегі активтерді бөлудің жаңа стратегиясын жасақтап жатыр. Осылайша бас банкир зейнетақы активтерін әртараптандыруды ұсынды. Бұл инвестиция салатын аумақты барынша кеңейтіп, салымшылардың валюталық тәуекелдерінің санын азайтады. Сонымен қатар, шетелдік нарыққа шығу инвестицияның өтімділігін арттыруға септеседі. Дегенмен, валюта бөлігі белгіленген болуы керек. Бұл ішкі экономиканы қаржыландыруға кедергі болмауы тиіс деді бас банкир.

«Біз инвестиция индексінде әлемдік индекстер, облигациялар мен акцияларды қолдануды жоспарлап отырмыз. Мәселен, үлгілі инвестиция портфелі ретінде MSCI World индексі қолдануы мүмкін. Оның құрамына жоғары және орташа капиталдандырылған және дамыған 23 елге қатысы бар 1600 акция кіреді. MSCI World индекстінің нарықтық капиталы 35 трлн АҚШ долларын құрайды. Бұл инвестиция индексі зейнетақы қорының активтері арқылы ірі әлемдік көптеген компаниялардың акциясын алуға мүмкіндік береді»,- деді ҚР Ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.

Сондай-ақ, бас банкир жеке капиталы 45 миллиард теңгеден асатын банктерге Ұлттық банктің қаржылай көмек көрсететіндігін мәлімдеді. Қазіргі таңда, еліміздегі банктерді сауықтыру бағдарламасы дайындалып жатыр. Бағдарлама Ұлттық банк есебінен іске асады. Бас банкирдің айтуынша, көрсетілетін көмектің көлемі банктердің шығынына баға берілген соң белгіленеді. Айта кету керек, Ұлттық банктың ақшасы кейін банктерден қайтарылады. Сауықтыру бағдарламасының негізгі шарты - акционерлер банктерді капиталдандыру керек.





Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир