|
19.05.2017 | 11:12
1269

Бэк Эйр компаниясы апаттық жағдайда Астана әуежайына қайта қонған

Әуе компаниясына қатысты кезекті дау. Бұл жолы Бэк Эйр компаниясы апаттық жағдайда Астана әуежайына қайта қонған. Астана мен Ақтөбе қаласына бағыт алған ұшақ ішінде 6 экипаж мүшесі мен 108 жолаушы болған. Барлығы дін аман. Тек бүгінгі таңда құзырлылар тарапынан орын алған жағдайға қатысты тексеру жұмыстары қолға алыныпты. Полиция қызметкерлері мен көлік прокуратурасы Алматыға техникалық жағдайын тексеру үшін бағыт алған Бэк Эйр компаниясы өкілдерін 15 сағат бойы бақылаудан жібермеген. Ал, компания басшысы өз тарапынан мыңдаған доллармен шығынға батқанын айтып, құзырлылар әрекетін заңсыз деп бағалап отыр. Мұнда еш қылмыс жоқ. Сондықтан, сотқа шағымданатынын ескертті. Істің мән жайы анықталуда. Алдағы күндері белгілі болмақ. Бірақ, бүгінгі таңда мыңдаған жолаушы осы жағдайға орай, діттеген жерлеріне жете алмай қалды.

«Кеше самолет Ақтөбеге ұшу керек болатын. Бұл жерде тексеретін ешбір орын жоқ. Сондықтан, Алматыға ұшпақ болғанбыз.Бірақ, көлік прокуратурасының ауызша ескертуі бойынша, бізге ұшуға рұқсат бермеді.Олар тек қылмыстық жағдай орын алғанда келу керек. Демек, адам қаза тапқан,  қылмыстық әрекет жасалынса, келулері шарт. Ал мұнда ондай жағдай жоқ. 15 сағат бойы ұстады. Компания 150 000 долларға шығынға батты. Бір күндік тұрғанның өзі 15000 долларды құрайды. Соныдақтан мен соттасам»,- деді "BEK AIR" әуекомпаниясының басшысы, Нұрлан ЖҰМАСҰЛТАНОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир