|
16.01.2017 | 10:15
1266

Белгияны долы дауыл үрейлендіріп отыр

Белгияны долы дауыл үрейлендіріп отыр. Елдің муниципалдық мекемелері Солтүстік теңіз жағалауының бойына құм толтырылған 30 мың қапты қалап қойған. Күн райын болжаушылар, елге жарты ғасырдан бері болмаған алай-дүлей дауыл жақындап келеді дейді.

«Біз жаман айтпай жақсы болмайды деп отырмыз. Мамандар тәулік бойы қадағалау жүргізуде. Әр 3-4 сағатта кездесу өткізіп, жайтты үнемі  бақылауда ұстап отырмыз», - деді Ньивпорт қаласының басшысы Гирт ВАНДЕН БРУКЕ.

Қазір елде дауылды алдын ала ескертудің сары деңгейі жарияланған. Сағатына 90 шақырымды құрайтын жел мен судың көп көлемде көтерілуі күтілуде. Кей жерлерде толқынның биіктігі алты метрге дейін жетуі мүмкін. Алайда, халық дүрлікпей, соңы жақсы болады деп үміттеніп отыр. Құтқару қызметтері су тасып жатқан жағадайда жағалаудағы жұртты қауіпсіз жерге көшіруге дайын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир