|
19.04.2017 | 10:55
1408

Бішімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты

Қуандық Бішімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты. Бұл туралы экс-министрдің қорғаушысы Сәлімжан Мусин журналистермен кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, шенеунікке қарсы сот алды тергеу ісі аяқталған. Адвокаттың сөзінше, Бұрынғы Ұлттық экономика министріне қаржы жымқыру және сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін екі қылмыстық бап бойынша кінә артылуда. Алайда, тергеушілер де Бішімбаевті айыптауға айғақтардың жеткіліксіз екендігін айтты. Себебі, экс-министрге айып тағылуына бұрын бағынған тұлғалардың түсініктемелері арқау болған. Атышулы іске 20 адамның қатысы бар көрінеді. Сәлімжан Мусиннің айтуынша, басты сот шешімі Астана қаласында өтеді. Ал айыпталушы тарап қайта арыздануға әзір. Себебі, адвокат тергеу жұмыстарында өз қорғаушысының құқықтарының бұзылғанын айтып, әділ өтпегенін алға тартты.

«Сот алды тергеу органдары жемқорлық болғандығы туралы бір де бір материал таппаған. Тергеу жұмыстарын тек Бішімбаев мырзаға ғана жүргізіп, жақындары мен туған туыстарын, жолдасы мен анасын тергеген. Және сол мақсат әлі де сақталып тұр»,- деді Қ.Бішімбаевтің қорғаушысы, Сәлімжан МУСИН. 

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 28 желтоқсанында еліміздің Ұлттық экономика министрі  Қуандық Бішімбаев қызметінен босатылған болатын. Артынша пара алу мен қомақты қаржы жымқыру фактісі бойынша қамауға алынған еді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир