|
13.03.2017 | 11:35
941

Бишімбаевты Қылмыстық кодекстің тағы бірнеше бабы бойынша айыптауда

Қуандық Бишімбаевты қылмыстық кодекстің тағы бірнеше бабы бойынша айыптауда. Тергеу экс ұлттық экономика министріне тек қана парақорлықпен емес, оған қоса мүдделі тұлғаларды қорғады және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылуда.  Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді. Есте болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Бәйтерек холдингінің экс басқарма төрағасының Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырғанын мәлімдеген еді. Сала мамандарының  айтуынша, қолды болған қаражат «Завод строительных металлоконструкций» үлестес компаниясы арқылы тамақтануға және жұмысшылардың жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қуандық Бішімбаев жеке өзі 2 миллион АҚШ долларын сыбайластарынан алған» делінген. Айта кетейік, Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы 2017 жылдың 10 қаңтарында белгілі болған еді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир