|
19.01.2017 | 10:45
1598

Бішкектегі әуе апатынан қаза тапқандар жер қойнауына тапсырылды

Бішкектегі әуе апатынан қаза тапқандар жер қойнауына тапсырылды. Ел үкіметі марқұмдардың мәйітін туған жерлеріне ұшақпен жеткізген. Қара жамылған отбасылардың әрбіріне қырғыз билігі 1 мың доллар көлемінде көмек көрсетті. Одан өзге, жомарт жандар арнайы ашылған есеп-шотқа ақшаларын аударып жатыр. Әр аймақтан киім-кешек пен азық-түлік те жеткізілуде. Ал, үйлері қираған тұрғындар - туыстарын паналап кеткен.  Қаперде болса, осыдан 2 күн бұрын "Манас" әуежайы маңындағы саяжайға түрік ұшағы құлаған еді. Салдарынан 38 адам қаза тапқан. Әзірге апаттың не себепті болғаны белгісіз. Мамандар ауа райы қолайсыз болды деген болжам айтуда.
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир