|
23.12.2016 | 12:26
2785

Биыл Ауғанстан жеріне Кеңес әскерінің кіргеніне 37 жыл толды

Биыл Ауғанстан жеріне Кеңес әскерінің кіргеніне 37 жыл толды. 1979 жылы 25-ші желтоқсанда Кеңес әскерінің алғашқы жауынгерлері Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі саяси істеріне қол сұқты. Осыған байланысты әскерлер үйінде жиын өтіп, соғысқа қатысқан ардагерлер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай алғыс хаттармен марапатталды. Басқосуда жауынгерлер медициналық әлеуметтік тұрғыда туындап жатқан түйткілді мәселелерді көтерді.

«Бүгінде еліміз бойынша Ауған соғысы ардагерлеріне көмек көрсететін екі госпиталь бар. Алматыда медициналық көмек беретін үлкен госпиталь болған. Алайда ол бірнеше жыл бұрын жабылып қалды. Бүгінде Қазақстанда 15 мыңға жуық ауған соғысы ардагерлері тұрады. Оның ішінде 9500-і мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады», - деді ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай ӨТЕГЕНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир