|
24.02.2017 | 10:00
1372

Биылғы әскерге шақыру науқанына байланысты тапсырмалар жүктелді

Азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыруға барынша жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бұл туралы Астанада өткен Қорғаныс министрлігі мен бас әскери прокуратураның бірлескен алқа отырысында айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жергілікті әскери басқару органдарында өткізілетін іс-шаралардың ашықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету атап өтілді.  Әскерге шақыру барысында заң бұзушылықтардың орын алмау керектігі Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларына баса айтылды.

«Әскери міндеттілік азаматтардың Отан алдындағы борышын өтеу мақсатында енгізілген. Сіздермен бірлесіп атқаратын міндетіміз - әскерге шақыру мен егеменді еліміздің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін азаматтарды әскери қызметпен сапалы түрде қамтамасыз ету», - деді  ҚР Қорғаныс министрі Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ.

Сондай-ақ жиын барысында өткен жылдың әскерге шақыру қорытындылары мен проблемалық мәселелері талқыланып, биылғы науқанға байланысты тапсырмалар жүктелді. Алқа отырысының соңында әскерге шақыруды сапалы ұйымдастыру және оны жүргізуге ықпал ететін нақты бағыттар белгіленіп, жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу жөнінде ұсыныстар берілді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир