|
27.04.2017 | 12:25
4037

«Бурабай» ұлттық табиғи саябағы ЭКСПО-ға белсенді дайындалып жатыр

Халықаралық «ЭКСПО-2017»  көрмесіне Астана қаласымен бірге Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық табиғи саябағы да белсенді дайындалып жатыр. Көрікті Көкше, табиғаты және саф ауасымен танымал. Елді мекен жылына 500 мыңға жуық туристерді қабылдап, 2016 жылы қызмет көрсету саласынан 3 млрд 260 млн теңге табыс түскен. Бүгінгі таңда шипажай тек тынығуға ғана емес, сонымен қатар, адам денсаулығына пайдалы ем-дом жүргізу әдістерімен ерекшеленіпіп отыр.

Бұл қонақ үй, шипажай қызметкерлерінің күнделікті атқаратын жұмысы. Десе де, мерейлі шараға уақыт жақындаған сайын, жауапкершілік те арта түскен. Себебі жыл сайын 500 000 мыңға жуық тынығушыларды қабылдап үйренген арнайы орталықтар биыл  миллионға жуық туристерге қызмет көрсетуге тура келеді. Демек, жергілікті аудандық  қазынаға 2 млрд астам пайда түседі деп күтілуде. Сондықтан маусым, шілде айларында барынша күш салу қажет. Осы салада 30 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан  әуре Бірімшілова туристерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Ол адам ағзасына пайдалы ем-дом шараларына басты назар бөліпті.

«Қыста жай ғана демалу үшін ғана емес, денсаулықты қалыпқа келтіру үшін де келеді. Бізде мұнда  әр түрлі ауруларды емдеуге арналған аппартаттар бар. Тынығу мезгілі шілде айы», - деді кәсіпкер Зәуре БІРІМШІЛОВА.

Елбасы тапсырмасы негізінде  Қазақстанның інжу-маржаны, қазақстандық Швейцария атанған Бурабай жерге қаратпауы тиіс. Демек, бір рет келген турист қайта келуі шарт. Осыған орай, көрікті көкшеде әр демалыс орны  қажетті дайындықтар жұмысын жүргізіп,  қызмет көрсету сапасын арттыруда.

«Қазіргі кезде әктеу, бояу жұмыстарын жүргізудеміз. Жалғыз біз емес, барлық демалыс аймақтары қажетті талапты орындауда. Өйткені, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайын болуымыз шарт. Абаттандыру жұмыстары да қолға алынған. Өзгелер алдында қызармау үшін барымызды салудамыз», - деді кәсіпкер Зәуре БІРІМШІЛОВА.

Жергілікті атқару органдары да демылыс орындарын жиі тексеріп, дайындықты қатаң бақылауға алған.

«Бурабай шипажайы қонақты күтіп алатын басты орындардың бірі. Қазіргі кезде белсенді дайындық жұмыстары жүруде. Оның ішінде 29-ға жуық  бағытта экологиялық тур өткізу жоспарланған. Қызмет көрсетуден 2014 жылы түскен қаржы көлемі 2 млрд теңге болса, 2016 жылы 3млрд 260 млн теңгені құрады», - деді Щучинск қаласы туризм бөлімінің жетекшісі Рустем ҚАСЫМОВ.

Көктем келісімен өңір-өңірден келетін ел азаматтары мен көрші Ресей елінен ағылатын азаматтар саны артады екен. Оңтүстіктен келген Нәзира Шәманқызының мұнда келуі бірінші рет емес. Қалта көтеретін жағдай болғанда жыл сайын келуге тырысамын дейді.

«ЭКСПО-ның алдында дайындалып жатқан  Астанымызды көріп қуанып жатырмыз. Бурабайға демалуға, біздің өзіміздің Швейцариямызды көруге келдік.  Нәсіп көтерсе келгіміз келеді. Әрине, Қазақстанымыздың қандай қуанышы болса қалғымыз келмейді. Өйткені, бізде халқымыздың қуанғанына бізде қуанғымыз келеді, үлесімізді қосқымыз келеді», - деді Шымкент қаласының тұрғыны Нәзира ШӘЙМАНҚЫЗЫ.

Қазіргі кезде Бурабайда 150-ге жуық демалыс орындары келушілерге қызмет көрсетіп келеді. Заманауи кешендердің бой көтеру үшін кәсіпкерлерге  бар жағдай жасалған. Мұнда тек жазда ғана емес, қыста да демалуға болады. Бүгінгі таңда жалғыз Бурабай қонақтарды қабылдап алуға мүмкіндігі жетпейтінін ескере отырып, 5 жаңа туристік аймақты дамыту қолға алынған. Щучье көлін люкс класты демалыс аймағы, Қотыркөл көлін ат спорты және баланы сауықтыру орталығы, Сарыбұлақ кентін - экоауыл, ал Жөкей көлін кемпинг ретінде жаңғырту жоспарланып отыр екен.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир