|
23.12.2016 | 11:25
1293

Жаңа жылда мың жарымнан аса отбасы қоныс тойларын тойлауы мүмкін

Жаңа жылда мың жарымнан аса отбасы қоныс тойларын тойлауы мүмкін. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Алғабас» ықшам ауданында 1748 дайын пәтерлерді сатуды жоспарлап отыр. Нақтырақ айтсақ, бір бөлмелі - 996, екі бөлмелі - 560 және үш бөлмелі - 192 пәтер қарастырылған. Баспаналардың бір шаршы метрі 1 мың 36 теңгені құрайды. Сатып алу арқылы жалға алғанда жалдау мерзімі - 20 жыл. Сонымен қатар, үй кезегінде тұрған алматылықтардың назарына, Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 26-шы желтоқсаннан 30-шы желтоқсан аралығында е.gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдайтынын еске саламыз. Тек электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық сандық қолтаңбаны алуды ұмытпаңыздар. Жаңа пәтерлер алдымен, көпбалалы, толық емес отбасыларға, жетімдер мен мүгедектерге және зейнеткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге беріледі.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир