|
05.06.2017 | 10:25
5190

Жаралы жылдар: Байқадам Қаралдин

Қазақты қынадай қырған сұм зұлматтың салқыны әлі күнге сезілетіндей. Зобалаң тиген әрбір отбасы күні бүгінге дейін 30 жылдары құрбан болған туған-туыстарын көзіне еріксіз жас алып, еске түсіріп отырады. Қасіретті жылдары жазықсыз жапа шеккендердің арасында Байқадам Қаралдин да бар. Қазақтың маңдайына біткен қайраткердің шөбересімен тілшіміз кездесіп, тілдесіп қайтты.

Валентина Байқадамова әңгіменің әлқиссасын атасының тарпаң тағдырын айтудан бастады. Байқадам Қаралдин кезінде Торғай облысының белді азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері болған. Ол ақтар билік еткенде де, кейін қызылдар қолына ту ұстағанда да қазақтың мүддесін барынша қорғап жүрген. 1916 жылы Торғай облысынан патша пәрменімен ер адамдарды тыл жұмысына тартқан кезде, Байқадам Қаралдин ажалдан жүздеген адамды аман алып қалған. 

«Көтеріліс жылдары кең жиын өтіп, онда патша үкіметінен келген ақтардың бірі - Бізге 18 ден асқан барлық ер азаматтар қажет. Әскер қатарына шақыруды күтіңдер деген. Ал, жергілікті ауыл басшысының бірі басымды кесіп алсаң да, буыны қатпаған жастарды жібермеймін деген екен. Бұл сөзді аударуға тиіс Байқадам атамыз орыс тіліне басқаша жеткізген. Яғни, тағы бір қақтығыстың болдырмауына септескен»,- деді Байқадам Қаралдинның шөбересі, Валентина БАЙҚАДАМОВА. 

Байқадам Қаралдин мықты дипломат болған. Ахмет Байтұрсынов, Әліби Жангелдин секілді Алаш ардақтыларымен бірге Мәскеуге жол салып, онда Қазақстанның болашағы жөнінде келіссөздер жүргізген. Алаштықтар мен Кеңес билігінің басын бір үстелде қосуға бола біраз тер төккен. 

«Қиын қыстау кез болатын. Бірі - Қазақстан тәуелсіз болсын деп жатса, енді біреулері - Ресей құрамында болуды қалайтын. Сәйкесінше, қуғынға ұшырағандар осы кезде де көп болды. 19-20-шы жылдары бірнеше белді басқосу өтті.  Солардың бірін Байқадам Қаралдин ұйымдастырған. Ол, кеңес үкіметінен Алаш ордашылардың Торғай және Орал аумағына кеңшілік жасауына қол жеткізіп, большевиктерді Алаштықтармен кездестірді»,- деді Байқадам Қаралдинның шөбересі, Валентина БАЙҚАДАМОВА. 

Ұлтына сіңген еңбегі үшін оны халық жауы деп атап, 1930 жылы қамауға алды. Жарты жыл өткеннен соң ату жазасына кесілді. 

«Сол жылдары нақты не болғанын білу үшін біз жергілікті және шеттегі мұрағаттарда талмай еңбек етуіміз керек. Біз бос сезімге берілмей, нақты ғылыми зерттеу жүргізіп, оң мен солын ажыратуымыз қажет. Кейін, мектеп, университеттерде бұқпасыз тарихты оқытамыз. Әрбір Қазақстандық өз тарихын білуі керек»,- деді Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ләйлә АХМЕТОВА.

Әнуарбек Жәлел, Ернұр Досжанов, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир