|
23.01.2017 | 11:50
2445

Жауынгерлік оқ ату оқу жаттығуларын аяқтады

Командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде әскерилер әскерлерді бір жерден екінші жерге ауыстыруды және жауынгерлік оқ ату оқу жаттығуларын аяқтады. Еліміздің Қарулы Күштерінің 1 500-ден аса әскери қызметшісі мен 200-ден астам бірлік әскери техника қатысты. Оның ішінде Еліміздің батысында әскерлер 800 шақырым алмастыруды орындағаннан кейін әскери техника мен қару-жарақ түсіруді орындаған. Одан кейін «Бейнеу» полигонына марш жасап, сол жерде жауынгерлік оқ атулар өткізді.  16 қаңтарда басталған командалық-штабтық оқу жаттығу жұмыстары еліміздің шығысы, батысы мен оңтүстігінің бірнеше полигондарында басталған болатын. Оқу-жаттығудың ниеті жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежесіне келтіру, жұмылдыру іс-шараларын орындау, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалды таратпау кезінде әскерлердің іс-әрекеті мәселелерін пысықтауға бағытталған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир