|
11.04.2017 | 09:16
1289

Жекешелендіруге ұсынылған компанияларды шетелдіктер сатып алуға ниетті

Жекешелендіруге ұсынылған компанияларды шетелдіктер сатып алуға ниетті. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі 2017 жылға қайта бекітілген жекешелендіруге ұсынылған компаниялардың тізімін атады. Ал, Тамара Дүйсенова жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легіне тоқталды. Үкімет сағатында да халық қалаулылары бірнеше мәселені көтерді.


Жекешелендіруге ұсынылған компаниялардың басым бөлігін шетелдік инвесторлар алуға ниетті. Бұл туралы үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылған 8 активті шетелдіктер сатып алмақ. Өмірзақ Шөкеев стратегиялық инвесторларды іздестіру жұмысының жалғасып жатқанын айтты. Ал Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылы 280 кәсіпорынды, 2018 жылы 84 компанияны сатуға шығарылғанын мәлімдеді.  


«Мемлекет басшысының 3 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында мемлекеттің меншігінде және квазимемлекеттік салада қалатын, сондай-ақ таратылатын нысандар тізімі құрастырылды. Біз мүліктерді түгендеу қорытындысына сүйендік. Ол бойынша 6003 ұйымды мемлекеттің меншігі ретінде сақтап қалу ұсынылып отыр. Оның 88 пайыздан астамы әлеуметтік саладағы ұйымдар, 447 компания квазимемлекеттік саланікі болып табылады. Ал 243 нысанды тарату қарастырылып отыр», - деді  ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.


Үкімет отырысында қаралған екінші мәселе «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында. Естеріңізде болса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы» жыл басында осылай өзгертілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өз ведомоствасында бұл мақсатта жасалып жатқан жұмыстар легіне тоқталды.


«5 сәуірдегі жағдайға сәйкес, бағдарламаға қатысқан азаматтар саны 80 мыңды құрап отыр. Оның 75 мыңы жұмыссыздар қатарынан. Қалған 5 мыңы жұмысқа жарайтындарға тиесілі. Қазір 48 мыңнан астам азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұдан бөлек, тағы 31 мың адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындарға орналасты», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА.




Сонымен қатар, осы жылы техникалық және кәсіптік біліммен 21 мың жас қазақстандықтарды оқыту көзделіп отыр. Ал мемлекет бұл азаматтарға шәкіртақы тағайындап, жүріп-тұру шығындарын және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етпек.  


Үкімет сағатында Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко 4 жылдан бері айлықтарының жоғарыламағынын атқан болатын. Оның ойынша, барлық саяси қызметкерлердің жалақысы бірдей болу керек екен. Сол себепті бұл шешімнің дұрыс екендігін және мұның 4 жыл бұрын бекітілгенін алға тартты. Өзге ақпарат. 2017 жылдың маусында Астанада су жаңа темір жол вокзалы мен халықаралық әуежай терминалы іске қосылады.


«15 мамырға дейін жаңа вокзалдың құрылыс жұмыстары аяқталады. ЭКСПО қарсаңында ол алғашқы жолаушысын қабылдайды. Су жаңа темір жол вокзалы бірегей екенін айтқым келеді. Ол ТМД мемлекеттері арасында көлемі мен сапасы жағынан жақсы болады. Қолданыстағы вокзал 12 мыңға жолаушыға арналған», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.


Министр сонымен қатар, Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы 1 маусымға қарай алғашқы жолаушыларын қабылдайтынын мәлімдеді. Өткен жылы әуежай үш жарым миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Елорданың жаңа терминалы қосымша 8 миллион жолаушыны қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар, министр Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 2020 жылға қарай 6 мың шақырым, одан кейін 7 мың шақырым тас жол ақылы болатынын айтты. Бұл тек республикалық маңызы бар жолдар. Ал желтоқсан айына қарай Астана-Теміртау, Алматы - Қапшагай, Алматы - Қорғас тас жолымен тек ақы төлеп қана қатынай аласыз. Ведомоства басышысының сөзінше түскен қаражат сол бағыттардағы жолдардың сапасын жақсартуға бағытталмақ. Осы ретте депутат Нұртай Сәбильянов жөндеуден өткен жолдарға қайта тексеріс жасауды ұсынды. Айтпаса да түсінікті, жөнделген жолдар мерзіміне жетпей, баяғы қалпына түседі, дейді Мәжіліс депутаты.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир