|
27.02.2017 | 09:40
1285

Женевада Сирия келіссөздері қайта жалғасты

Ресми Дамаск өкілдері мен қарулы оппозиция қайта келіссөз жүргізуге кірісті. БҰҰ мекемесінде Сирия шиеленісін бейбіт жолмен шешуге арналған келіссөздер қайта жанданды. Осылайша, қос тарап Астаналық процесс кезінде басталған диалогты жалғастыруға көшті. Женевадағы кездесулер барысында қарсыласушы жақтар Қазақстанда қол жеткізілген уағдаластықтарды нығайтады деп жоспарланып отыр.

«Әрине бұл оңайға соқпайды. Десе де, бірігіп жұмыс жасайық, туындаған жанжалды тоқтататын кез жетті. Бұл келіссөздер аса маңызды»,- деді БҰҰ-ның сириядағы мәселесі жөніндегі арнайы өкілі, Стаффан ДЕ МИСТУРА.

Осылайша, Стаффан де Мистура 6 жылға созылған қақтығысты тоқтату амалдарын бірге іздеуге үндеді. 300 мыңға жуық адамның өмірін қиған, миллиондаған отбасының баспанасыз қалуына әсер еткен соғысты жоюға екі жақтың да мүдделі екендігін ескертті. Одан бөлек, ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сүйенетіндігін айтты. Резолюция Сирияда жаңа конституция қабылдауды, БҰҰ бақылауындағы сайлау өткізуді және елде әділ басқару орнатуды көздейді. 

«Бұл аса өзекті мәселелердің бірі. Бітімге келу режимін қолдану аясы кеңейген сайын, Сирия жерінде тәртіп, тыныштық, бейбітшілік орнайтынына сенім мол болады»,- деді ҚР сыртқы істер министрі, Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ.

Бұл мәлімдеме ақпанның ортасында жасалған. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Астана процесінің екінші кезеңінен күткен болжамымен бөліскен. Сириядағы қақтығыстарды тоқтату жөніндегі кездесулер біздің елімізде басталды деуге толық негіз бар. Енді бұл іс Женевада жалғасын табуда. 

«Оны біздің тойымызға 2 апта қалған кезде қамауға алды, 2012 жылдың 15 наурызында. 10 айдан кейін оны Адра абақтысына аударып жіберді. Мен әрине, оған барып тұрдым. Біз сол жақта үйлендік»,- деді Наразылық білдіруші, Нура ГАЗИ. 

БҰҰ мекемесінің алдына Сирия әйелдері жиналып, өздерінің жоғалып кеткен және қамауға алынған туыстары мен жақындарының тағдырын жоғары деңгейде шешуді сұрап, өтінді.

«Олар мен арқылы мынаны жеткізгісі келді - Сирия жөніндегі келіссөздер кезінде біз бұған дейін сотталғандарды, жоғалып кеткендерді ұмытпау керекпіз. Бұл кездесулерден талай отбасы, ана мен бала зор үміт күтіп отыр»,- деді БҰҰ-ның сириядағы мәселесі жөніндегі арнайы өкілі, Стаффан ДЕ МИСТУРА.

Ал Сирия Ресейден миллион тоннадан астам астық жеткізілімін күтіп отыр. Екі ел осындай келісім-шарт жасасқан. Бұл да болса, бейбітке жету жолындағы кішігірім қадамның бірі.

 

Нұрсейіт Жылқышыбай, Сая Меңдеке, Бауыржан Қожақанов, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир