|
31.03.2017 | 12:22
1162

Жерорта теңізінде мигранттарды құтқару операциясы жалғасып жатыр

Жерорта теңізінде мигранттарды құтқару операциясы жалғасып жатыр. Испандық еріктілер Ливия жағалауында қайықтарда қалып қойған 400 адамды ажалдан арашалап қалған. Шұғыл хабарды Италияның құтқарушылары таратқан еді. Алып теңізде көмекке мұқтаж жандар әлі де болуы мүмкін. Сондықтан, еріктілер құтқару жұмыстарын мұнымен доғармайды.                      

«Біз мигранттарға таңғы 4-тен бастап көмек көрсете бастадық. Олар 17 метрлік қайыққа мініпті. Бірақ, долы дауыл оларды шайып кетуге шақ қалған. Құтқару операциясы 5 сағатқа созылды»,- деді Ерікті, Анабель МОНТЕС.

Құтқарылған мигранттар Марокко, Алжир мен Ливия азаматтары екен. Арасында Бангладеш тұрғындары да бар. Олардың барлығы Сицилияға жеткізілді. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир