|
22.06.2017 | 11:55
1793

Жезқазған қаласының орталық базары өртенді

Жезқазған қаласының орталық базары өртенді. Жалынмен күресу үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 12 адам мен 4 бірлік теxника жұмылдырылып, тілсіз жау ауыздықталған. Өрттің себебін қазіргі кезде құзырлы орын өкілдері анықтауда. Ақпар бойынша, сауда орталығында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 31 наурызында да Шаруа базары өртке оранған еді.

«20 маусым күні жезқазған қаласындағы шаруа сауда базарының бір қабатындағы мата сататын бөлімінде сағат 20.00-де төбенің ағаш қаптамасының ішкі жағы және материалдық құндылықтардың жануы анықталған болатын. 20.54-те өрт ауыздықталып, 21.20-да толыққанды жойылды. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ»,- деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз xатшысы, Айдана ЖҮНІС.

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир