Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Шаханда жарылыс болған пәтердегі тұрғындар баспаналарына оралуға қарсы

Қарағанды облысы Шаханда жарылыс болған подъездегі аман қалған пәтердің бірнеше тұрғыны баспаналарына оралудан бас тартуда. Енді оларға Шаханнан басқа пәтер алу қарастырылады екен. Алайда, тұрғындар ол үйлердің жақын арада табылатына күдікпен қарайды. Олардың сөзінше, апат болған там, қаланың орталығында. Ал, ол ауданнан көп баспана жақын күндері табыла қоймайды. Оған тек көктемде қол жеткізуге мүмкіндік болады. Ал, құлап қалған подъездегі пәтердің тұрғындары ғимаратта тұрмақ түгілі, оның маңайына жолаудан қорқады. Жарылыстан үрейленгендері соншалық, тек басқа баспанаға қоныстанамыз дейді.


«Апат болған үйге қайта оралуға үзілді-кесілді қарсымыз. Өз басымыз үшін, балаларымыз үшін қорқамыз. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталды. Сараптама жұмысы да жүргізілді. Дегенмен, біз үй ұзақ уақыт тұрады дегенге сенбейміз»,- деді Шахан кентінің тұрғыны, Александр ЧУНОСОВ.


Есте болса, 1-қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған. Шахан кентіндегі оқыс оқиғадан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті.


Келесі жаңалық