|
16.05.2017 | 11:38
1251

"Журналистер қауіп-қатерде" қоғамдық қоры басқармасының төрағасына жасалған шабуылға сот алды тергеу басталды

"Журналистер қауіп-қатерде" қоғамдық қоры басқармасының төрағасы Рамазан Есергеповке жасалған шабуыл бойынша сот алды тергеу басталды. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Қоғамдық қордың басшысы 61 жастағы Рамазан Есіргепов мамырдың 14-і күні Алматыдан шыққан жолаушылар пойызымен Жамбыл облысындағы Шу қаласына жете бергенде шабуылға ұшыраған. Біреу оған пышақ сұғып, ауыр жарақаттаған. Шу қаласында пышақ жарақатымен ауруханаға түсіп, операция жасалған белсендіні жансақтау бөлімінен палатаға шығарды. Істің ақ-қарасын анықтау үшін қазір поезда болған жолаушылар мен жолсеріктерден түсініктемелер алынып жатыр. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир