|
26.12.2016 | 09:36
1637

Эбола жұқпалы дертіне қарсы вакцина нәтижесін берді

Эбола жұқпалы дертіне қарсы вакцина нәтижесін берді. Бүкіл әлемдік денсаулық ұйымының мәліметінше, преперат безгек вирусының екіден бір бөлігін 100 пайызға жойған. Аталған дәрі Канаданың денсаулық сақтау министрлігімен дайындалыпты. Вакцинаның клиникалық сынақ жұмыстары Африка құрлығындағы жұқпалы ауру белең алған Гвинеяда жүргізілген. Алғашқы екпе жұмыстары өткен жылы басталды. Статистика бойынша, вакцина қабылдаған 5837 адамның ағзасынан 10 күн ішінде жұқпалы ауру табылмапты. Ал, вакцина қабылдамағандардың он күн ішінде 23-і безгекке шалдыққан. Статистика бойынша, эбола дертінен 2013 жылдан бері 11 мың 300-ден астам адам қаза тапты.

«Вакцина қабылдаған адамдардың ешқайсысы Эбола дертіне шалдықпады. Бұл дәрі 2018 жылы ғана заңды түрде бекітіледі. Біз қазір Безгектің Зайыр атты түріне ем таптық. Оны кеңінен қолданудамыз. Ал, судандық дертіне де вакцина дайындалады», - деді Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мари-Поль КИНИ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир