|
08.06.2017 | 10:26
1535

ЭКСПО қарсаңында Алматы облысының Боралдай кентінде мобильді пошта ашылды

ЭКСПО қарсаңында Алматы облысының Боралдай кентінде мобильді пошта ашылды. Жасыл экономика жағдайында  жұмыс істейтін қызмет көрсету орны күн энергиясы мен желден тоқ алады. Дербес энергия арқылы халыққа қызмет көрсету орталығы елімізде алғаш рет ашылып отыр. Энергиямен жабдықтаудың гибридті жүйесіне қажетті қондырғылар қазақстандық компаниялардың құрылғылары.

Жаңа бөлімше үш контейнерден құрастырылып, қарапайым монтажы жасалған. Төбесіне қойылған 16 күн батареясы  кеңседегі барлық техникаларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кәріз  құбыры мен жылу жүйесі құрылыс кезінде ең қымбат қызметке бағаланса, жаңа мобильді почта бөлімшесі бұндай дүниелерден ада. Тоқ, жылу, ыстық су сынды коммуналдық қызметті де өзі көрсетеді. 

«Елбасымыз тапсырма берген, осы жасыл экономика, энергия эфективнность деген. Бұндай бөлімшелер 17 миллион теңге тұрады. Бұл басқа бөлімшелерге қарағанда арзан. Басқа бөлімшелер 22-23 миллион теңге тұрады. Біз болашақта энергияға ақша төлемейміз»,- деді "Қазпошта" АҚ басшысы, Сәкен САРСЕНОВ. 

Жаңа бөлімшенің ашылғанына қуана келіп, шашу шашқан зейнеткерлер көп. 40 мыңнан астам халық тұратын елді мекенде пошта қызметін көрсететін орталық аз, әрі ескі еді. Жаңа  бөлімше сәлемдемелерді қабылдау, жөнелту, мерзімді басылымдарды рәсімдеу, тауарлардың бөлшектік саудасы, коммуналдық төлемдер сынды мен зейнетақы сынды қызметтердің бәрін жасайды. 

«Жаңа технологиямен салынған. Іші жылы дейді. Свет керек жоқ дейді. Қыздарға да жақсы болды. Рахмет азаматтарға»,- деді Зейнеткер, Айнақыз СМАҒҰЛОВА. 

Күніне екі жүз адамға қызмет көрсете алатын мобильді орталыққа көлікте тарту етілді. Газет, хат, сәлемдемелерді таситын қызметкерлер  бұрынғыдай көше-көшені жаяу араламайды. Компания басшылары алдағы уақытта күн батареясы арқылы жүретін вело-мопеттер беруді де жоспарлап отыр. 

«Үш жарым мыңдай зейнеткер бар. Соның жартысы осы жерден пенсия алады. Пасовияларды осы жерден алады. Ғимаратқа кіріп-шығуда ыңғайлы. Боранға, желге, қысқа, жазға қарамай, күн қуатымен күндіз-түні істейді. Бәрі қарастырылған»,- деді Боралдай кентінің әкімі, Мұрат СӘЛІМБАЕВ.

Құны арзан, әрі ыңғайлы орталық пилоттық режимде жұмыс істейді. Үнемдеуші технологиямен  жасалған құрылғылардың жұмыс істеу мерзімі он жылдан асады. Жер көлемін көп қажет етпейтін бұндай орталық тиімділігін көрсетсе ел аумағындағы ескі пошталардың орнын баспақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир