|
11.08.2017 | 11:30
1684

ЭКСПО көрмесі ашылғалы Елордаға 2 миллион 400 мың адам келген

Астанадағы ЭКСПО-ның басталғанына тұп-тура 2 ай болды. Осы уақыт аралығында келушілер саны өз межесінен асып түскен. Сандарды сөйлетсек, көрме ашылғалы Елордаға 2 миллион 400 мың адам келіпті. Оның бір жарым миллионы - шетелдік туристер. Олар ұшақпен де, пойыз және арнайы бөлінген автобустармен де Астанаға ағылған екен. Осы ретте темір жол вокзалдарының жүктемесі 60 пайызға, әуежай жүктемесі 70 пайызға өсіпті. Ал туристік операторлар қызметі 78 пайызға артып, өткен жылмен салыстырғанда едәуір ұлғайған.

«Регистрационный досье бойынша негізгі жоспарлағанымыздай 2 миллион адам келу керек еді 3 айдың ішінде. Біз 2 айдың ішінде ол жоспарды орындап отырмыз. Енді қалған бір айдың ішінде туристердің саны көбейеді деп ойлаймыз. Колл центрімізі бар. Оған осы уақытқа дейін 500-ден астам шетелдік азаматтар хабарласқан», - деді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар АДАМБЕКОВ.

Көрме кезінде тек туризмнің ғана емес, өзге салалардың да дамығанын байқауға болады. Әсіресе, өндірістік және қоғамдық қауіпсіздікті сөз еткен жөн. Келушілер мен саяхатшылардың қолайлылығы үшін ЭКСПО аумағынан бөлек қалада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Олардың жүріп-қозғалуы үшін де қолайлы орта қалыптасқан.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир