|
14.06.2017 | 12:37
1252

Экспо көрмесі аймағында БҰҰ-ның павильоны ашылды

Экспо көрмесі аймағында Біріккен Ұлттар Ұйымының павильоны ашылды. Энергертика мәселесін жиі тілге тиек ететін ұйым өкілдері кешеннің дайындық барысымен танысты. Павильонда былай қарағанда көз тартатын әдемі дүние жоқ. Себебі, бағдарлама мен жобаның барлығы дерлік виртуалдық әлемде. Кей тақталарда 10-ға жуық беделді ұйымдардың сайттары енген. Онда кез-келген адам дәл сол жерде өзіне маңызды сауалды, тиісті орынға жолдай алады. Әрі, БҰҰ-ның жаһандық дейгейде экология мен климат жағдайын жақсарту, энергетиканы тиімді пайдалануға бағытталған жобалары басты назарда болды.

«Ең алдымен айта кетерім, БҰҰ үшін Экспо идея алмасудың, негізгі бағытты жүзеге асырудың  керемет платформасына айналды.Ол өз тарапынан қоғамдағы түйткілдерді, яғни, кедейлікті жеңуге, қол жетімді энергия көзін алуға көмектеспек»,- деді БҰҰ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі бойынша бас комиссары, Джихан СУЛТАНОГЛУ.

«Қазақстан өз тарапынан әлемді мойындатқан мемлекеттер қатарына кірді. Ортақ идеяны жүзеге асыруға бар мүмкіндік жасады. Экспо өзіндік идеяны жүзеге асыратын,  2030 жылға дейін, осы елдің тұрақты дамуына серпін беретін ерекше платформа десек артық айтпағандығымыз»,- деді «Юнидо» бас директоры, Ли ЯНГ.

Экспо көрмесінің «Болашақ энергия» тақырыбы көптің көңілінен шықты. Өйткені, қайта жаңарып отыратын қуат көзін өндіру , жағармайды өңдеуден арзан болмақ. Әрі экологиялық таза.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир