|
11.05.2017 | 12:07
1263

ЭКСПО-ның басталуына 1 ай қалды

ЭКСПО-ның басталуына тура 1 ай ғана уақыт қалды. Астанада өтетін көрме кешенінің құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған еді. Қазір көрікті нысандардың 18-і  тұрғызылып біткен. Енді, ғимарат іштері әрленіп, төңірек толықтай абаттандырылып жатыр. Елорда төрінде өтетін көрменің басты нышаны мына - алып шар. Ол әлемдегі осы тектес ғимараттардың ең үлкені. Диаметрі - 80, ал биіктігі 100 метрге жуықтайды. 8 қабатты шардың ішінде баламалы энергия көздері шоғырланған. Қазір мамандар Конгресс-орталық пен шеттен келетін меймандарға арналған қонақ үйдің құрылысын аяқтап жатыр. Астанада өтетін ЭКСПО көрмесін тамашалауға 310 мың турист ұшақпен келеді екен. Сондықтан тиісті министрлік қосымша әуе бағыттарын қосуды жоспарлауда. Көрмені тамашалауға арналған билеттердің құны 4 мың мен 8 мың теңге аралығында. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир