|
12.06.2017 | 11:28
1296

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездесті. Елбасы Бас хатшыға Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқаны үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ барлық бастамаларын, алған бағытын қашан да қолдап келгенін айтты. Антониу Гуттериш Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммиті сәтті өтуімен құттықтады. Бас хатшы Үндістан мен Пәкістанның ұйым құрамына Астана алаңында кіруі кездейсоқ емес, үлкен мәні бар жетістік деді.

«Сізге саммитке қатысуға келгеніңіз үшін алғыс айтамын. 16 жылда алғаш рет БҰҰ бас хатшысы саммитке қатысуда. Бұл ұйым тарихындағы атаулы күн болғалы тұр. Үндістан мен Пәкістан мүше болғаннан кейін Әлем халқының 40 пайызы мүше алып ұйым болмақ. Бұл бейбіт өмірді насихаттауда үлкен серпіліс болмақ»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Мен аталмыш саммитке ШЫҰ әлемдегі тартылыс орталығы болып жатқанын біле тұра келдім. Бұл ұйым - әлемдегі бейбітшілікті сақтау белгісі болуда. Үндістан мен Пәкістан үшін Астанадағы алаң басқа елдермен қарым-қатынасты нығайту үшін таптырмас мүмкіндік»,- деді БҰҰ бас хатшысы, Антониу ГУТТЕРИШ.

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир