|
25.01.2017 | 10:40
1153

Елбасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады. Ол мемлекет басшысына қазына қаржысының қайда жұмсалып жатқандығы туралы есеп берді. Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Президентке комитеттің 2016 жылы жұмыс нәтижесін баяндап, алда тұрған міндеттерді айқындап алды. Бұдан бөлек, Есеп комитетінің төрағасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның іске асырылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Сонымен бірге, комитет нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жөнінде мәлімдеді. 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңды жүзеге асыру барысымен қатар, сертификаттау ісі туралы, яғни сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының қорытындысы жайлы елбасына толыққанды мәлімет берілді. Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Енді біз алдымыздағы сол міндеттерді орындауға көшуіміз керек»,- деді Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қозы-Көрпеш ЖАҢБЫРШИН.  

 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир