|
20.12.2016 | 12:43
3445

Елбасының қатысуымен өткен телекөпірді алматылықтар тамашалады

Елбасының қатысуымен өткен мерекелік осы жиынды алматылық белсенділер Республика Сарайында тамашалады. Қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала әкімдігі қызметкерлері мен әлеуметтік сала мамандарының барлығы Президенттің осы үндеуінен үлкен әсер алғандарын айтады. Ел дамуына өзінше үлес қосып жүрген жандар - тағаны берік тұғырлы мемлекетіміз ширек ғасырда толайым табыстарға жетті дейді. Сондай-ақ, олар  Елбасының қазіргі сарабдал саясаты - тәуелсіз елдің тез түлеуіне тіреу болды дегенді айтты.

«Алматы қапласының өзінде қазір қазақ тілінде, ұлт тілінде сабақ беретін мектепке зәру болған, жалғыз ғана мектеп болса осы араға уақыт салған кезде бір ғана Алматы қаласының өзінде қаншама мектептер ашылды. Қаншама қазақ тілінде балалар тәрбиелейтін балабақшалар ашылды. Қаншама ғимараттар салынды, әлеуметтік нысандағы спорттық, мәдени, рухани бағытымызға жұмыс жасайтын, қаншама көптеген тірліктер атқарылды осының бәріне өзіміздің қолымыздың, өзіміздің ауызымыға жеткендігі»,- деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Жанарбек ӘШІМЖАН. 

«ҚР тарихи саланы қалыптастыру жөніндегі тұжырымдаманы қабылдадық. Соның арқасында көптеген шаралар іске асты. Кешегі мәдени мұра бағдарламасы, яғни тарих толқынындағы халық тарихы, осындай үлкен-үлкен жобалар мына халықтың тек қана тарихи санасын өзгертіп қана қоймай, жалпы санасын ұлттық деңгейден дербес мемлекет, тәуелсіз мемлекет деңгейінен әр азамат өзін түсінуге мүмкіндік берді»,- деді Тарих ғылымдарының докторы, Саттар МӘЖИТОВ.

Тарих үшін 25 жыл - қас-қағым сәт. Бірақ, кез келген елдің даму қарқыны осы ширек ғасырмен өлшенеді. Әлемдік сарапшылар қазіргі Қазақстанның алшаң адымына тәнті. Олар шыңырау түбінен аз ғана уақытта шырқау биікке самғаған біздің елді - өркениетті санайды. Үлбір үмітті үкілеген жастар да Президенттің қазіргі саясатын қос-қолдап мақұлдайды. Олар сара жолды жалғастыруға қашанда әзір екендерін айтты. ¤

«Өзіміз тұрған жерді өзіміздікі дей аламыз. Өз тілімізде сөйлей аламыз, өзіміздің тарихимызыды қазбалай аламыз, оқи аламыз. Өз байлығымызды өзіміздің игилигимізге жарата аламыз. Осындай тәуелсіздікке қол жеткіздік және осысымен ауқымды»,- деді «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі, Дәурен БАБАМҰРАТ.

«Жастар үшін көптеген жағдай жасалып жатыр. Жастардың жан-жақты дамуына, білім алуына жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Соның ішінде қарапаймы, мысалға алатын болсақ әлемнің ешбірінде жоқ «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің мен деген ЖОО-да біз өз білімімізді жетілдіруге мүмкіндік алып жатырмыз»,- деді «Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалының төрайымы, Айдана СЫДЫҚОВА.


 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир