|
30.01.2017 | 09:35
1894

Елбасының үндеуі конституциялық жолмен саяси жүйеге өзгерістер енгізеді

Елбасының үндеуі конституциялық жолмен саяси жүйеге өзгерістер енгізеді. Бұл мемлекеттің мүддесін ескеретін стратегиялық тұрғыдан маңызды реформа. Құзыретті қайта бөлу биліктің барлық тармақтары атқаратын жұмыстың тиімділігін арттырады. Президент үндеуіне еліміздің әр өңіріндегі саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері, жазушылар қауымы мен Алматы қалалық маслихаты депутаттары осылайша үн қосып жатыр.

Елбасы ұсынған жаңа бағыт биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Алматы қаласы маслихаты депуттаттарының ойы осы. Олар еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса бір бетбұрысты кезеңді қарастыратын Үндеу -  жергілікті өзін-өзі басқару мәселесінде де үлкен жауапкершілікті талап етеді деген пікірде.  

«Билік тармақтары, елді басқару деген нәрсе жанды организм сияқты. Ол үнемі дамып отыру керек, жаңарып отыру керек. Ол қоғамдық-саяси  жағдайға байланысты жетіліп отыру керек. Міне біздің 25 жылдық тәуелсіздік тарихта осы ел басқару мәселесі үлкен тәжірибеге ие болды. Жай ғана біздің еліміздің ішінде емес, бүкіл әлемдегі үлкен саясатқа араласатындай дәрежеге жетті»,- деді Алматы қалалық маслихатының депутаты, Кенжехан МАТЫЖАНОВ.

Елбасының үндеуінде айтылған конституциялық реформалар - елімізді жаңғыртуға бағытталған нақты қадам. Жазушылар қауымы бұл қызмет-бөлістің мазмұны кеңде жатқан, қоғамның бүкіл жаратылысын, демократиялық сипатын, болмысын тануға себі тиетін өзгеріс деп есептейді. 

«Жалпы, әлемдік ел басқару жүйесіне қарағанда, бізде ел билеудің демократиялық сипатын дәлелдейтін мектептер бар. Соған еркін ел президентінің өз құзыретіндегі біраз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді үкіметтің жағдайына қалдыруы біріншіден, қазақ үкіметінің жұмыс істеу қабілеттілігін сынға салады және сол жерге атқары алады деген адамдарды әкелуге жол ашады деп ойлаймын»,- деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Нұрлан ОРАЗАЛИН.

25 жыл ішінде шетел тәжірибесін меңгерген, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды игерген жас қауым билікке келіп жатыр. Осы тұрғыда еліміздегі билік тармақтарын өзіндік өкілеттігімен қамтамасыз ете отырып, жаңа жағдайға бейімдеу қажеттілігі туындады. «Бұл дер кезінде қолға алынған шаруа», - дейді қоғам қайраткерлері.

Сая Меңдеке, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир