|
20.06.2017 | 12:56
1778

Елімізде әскери мекемелерде тәлім алып жатқан өрендер өзара бәсекелесті

Жас сарбаздар жасындай жарқылдап тұр. Елімізде әскери мекемелерде тәлім алып жатқан өрендер өзара бәсекелесті. Олар ұзақ қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, қару-жарақты жылдамдыққа жинаудан кім мықтыны анықтады. Одан бөлек, күштік сайыстарда бақтарын сынады. «Айбын» байқауына  еліміздің әр өңірінен келген 600-ге жуық жас сарбаз қатысты. Нәтижесінде, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің өрендері үздік танылды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыстады. Мұндай сайыстар болашақ әскерлерді қайрап, олардың ұрыс дайындығын шыңдай түседі.                                      


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир