|
31.01.2017 | 11:56
1268

Елімізде хакерлер бірнеше мемлекеттік органдардың сайттарына шабуыл жасады

Елімізде хакерлер бірнеше мемлекеттік органдардың сайттарына шабуыл жасады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жалпы 21 интернет ресурсына бұзып кіру оқиғасы тіркелгенін хабарлады. ShadowTeam хакерлер тобы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі аудандардың мемлекеттік сайттарына, ШҚО табиғи ресурстар департаменті және Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының сайттарына кибершабуыл жасаған. Министрлік бұзып кірген интернет ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналастырылғанын және дұрыс қорғалмауы бәріне ортақ екенін айтты. Ведомство алдағы уақытта мұндай оқиға қайталанбауы үшін тиісті шара қолданылып жатқандығын атап өтті.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир