|
01.03.2017 | 11:42
1415

Елімізде пилоттық жобаға қарсылық танытқан адамдар назы сейілер емес

Мемлекеттік сатып алулар бойынша енгізілген пилоттық жобаға  қарсылық танытқан адамдар назы сейілер емес. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атуынша ол бұл жүйеге бұқараның бірден бүйрегі бұрып кетпейтіндігін білген. Сезген. Айтуынша, көпшілік қарсылық танытып,  дағдыға айналған ескі жүйені қайтаруға тырысып бағады. Алайда, Сағынтаев бас қазынашымыз Бақыт Сұлтановқа  барлығын бақылауда ұстауды талап етті. Бағынбағандарды жазалау керектігін айтты. Аз  уақытта, қолданысқа енгізілген  тың жүйеге жыл аяғына дейін барлық мекемелер ауысады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  осыған дейін Үкіметке мемлекеттік сатып алу үдерісін бір орталықтан басқаруды тапсырған еді. Яғни, тез арада бір жүйе арқылы барлық сатып алудардың еш құпиясыз өту керектігін айтқан болатын. 

«Бастысы бұл пилоттық жоба жұмыс істеуі керек. Қарсылықтар болады деп ойлаймын. Ескі жүйеге оралу үшін пилоттық жобаны құлатуға тырысады. Мұндайды қатаң тыйып отыру керек. Комитеттегі адамдарыңыз да міндетін нақты орындауы қажет. Бақылауда ұстаңыз. Жыл соңына дейін жұмыс істейді, ал келесі жылы мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесіне толық көшу керек»,- деді ҚР Ппремьер министрі, Бақытжан САҒЫНТАЕВ. 





 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир