|
13.04.2017 | 11:50
1303

Елімізде Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келеді

Елімізде Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл әңгіме Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдауында айтылды.  Қазақстан Президенті әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне назар аударды.

«Бүгінде Қарулы Күштер қатары 93% деңгейінде жасақталды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылы 89% болған еді. Қазіргі уақытта офицер, сержант және қатардағы сарбаз құрамдарын жасақтау үшін әскерге келісімшарт бойынша шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызмет қатарына алынатындар санын арттырдық. Биыл әскердің барлық түріне 34 мыңға жуық мерзімді әскери қызметшіні шақыру жоспарланып отыр», - деді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Кездесу барысында министр аэроғарыш саласын дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру тұрғысында есеп берді. Өз кезегінде Елбасы министрліктің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Бейбіт Атамқұлов Астанада ғарыштық аппараттарды құрастыру кешенінің құрылысы биыл аяқталатын сөзге тиек етті. Осы арқылы Қазақстан өз аппараттарын ғарышқа шығаруға мүмкіндік алмақ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир