|
20.02.2017 | 09:25
1494

Еліміздің әрбір аймақ прокуроры халық алдында есеп беретін болады

Бұдан былай, еліміздің әрбір аймақ прокуроры халық алдында есеп беретін болады. Олар жыл сайын тындырған жұмыстарын жіпке тізіп, әлеуметтік желі арқылы бұқараны құлағдар етіп отырмақ. Одан бөлек, шағын және орта бизнеске қырғидай тиген құзырлылардың құрығы қысқарады. Еліміздің бас прокуроры кәсіпкерлерге тіс батырған құзырлы орын өкілдеріне қатаң шара қолданылатынын айтты. Олар енді қылмыстық істердің барлығын сандық жүйеге көшірмек. Бұл - сот процестерін жылдамдатып, қағазбастылықты жояды. Істердің бұқпасыз болуына септеседі. Бұдан басқа, жиында конституциялық реформа да сөз болды. Бас прокурор жұрт арасында дау тудырған 26-шы бапқа енген өзгерісті тәптіштеп түсіндіріп берді.                      


«26-шы баптың жерге еш қатысы жоқ. Мұны халыққа дұрыстап түсіндірген жөн. 26-шы бапты өзгерту арқылы біз шетелдік инвесторларға жағдай жасаймыз. Есесіне, олар біздің елде қаймықпай жұмыс істейді. Жаңадан өндіріс орындарын құрады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал, жердің жайы 6-шы бапта айтылған. Оған ешқандай өзгеріс енбейді», - деді ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ.


Бас прокурор қатысқан алқалы жиынға қала активі түгел шақырылды. Кәсіпкерлер өздерін мазалап жүрген түйіткілді мәселелерді қағазға түсіріп, прокуратураға өткізді. Ал, пагон таққандар олардың барлығын жіті тексереді. Осыған қарамастан, Алматы - кәсіпкерлер үшін жайлы орта саналады. Мұнда шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Жыл сайын республикалық бюджетке жиналатын салықтық түсімдердің 30 пайызы Алматыдан беріледі. Былтырғы жылы қала басшылығы 43 млрд теңге үнемдеген екен.                      


«Былтырғы жылы Алматыда кәсіп иелерінің қатысуымен 6 мыңға жуық мектепке дейінгі білім беру мекемелері салынды. Құны 3,9 трлн теңгенің мүлкі жекешелендірілді. Бұл - республика бойынша заңдастырылған мүліктердің 68 пайызын құрайды», - деді  Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир