|
19.05.2017 | 10:50
1081

Еліміздің Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапарымен барды

Еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Қорғаныс ведомствосының басшысы бірнеше оқу орнын аралады. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тексеріс жүргізу кезінде ол оқу-материалдық база мен әскери-медициналық факультеті курсанттарын оқытудың ұйымдастырылуын тексерді. Ал еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының жұмысымен танысуы кезінде жұмысты әрі қарай сапалы ұйымдастыру және оқу орнының инфрақұрылымын дамыту жөнінде басшылыққа бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ведомство басшысына оқу ұшуларына, жоғары пилотажды фигураларды орындау және планерлерді тіркеп сүйреуге арналған екі орындық, бір қозғалмалы ұшақтары таныстырылды. Одан өзге, ол Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімінің күнделікті қызметінің ұйымдастырылуын тексерді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир