|
24.04.2017 | 11:45
1221

Ернар Бәкенов еліміздің ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Ернар Бәкенов еліміздің ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Ернар Бәкенов Тимур Жақсылықовтың орнына жайғасты. Жаңа вице-министр мамандағы бойынша экономист. Еңбек жолында сауда саясатын дамыту орталығында қызмет етіп, ұлттық экономика министрлігі департаментінде директор қызметін атқарған. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінде де кадрлық ауыс-түйіс болды. Ведомствоның вице-министрі болып Асқар Баталов тағайындалды. Ол еліміздің Индустрия және сауда вице-министрі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир