|
14.02.2017 | 11:11
1632

Германияда президент сайлауы өтті

Германияда ақпанның 12-сі президент сайлауы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер жеңіске жетті. Бундестагта жаңалықты жылы қарсы алды. Штайнмайер - социал-демократ. Ағымдағы жылдың қаңтарына дейін ол сыртқы істер министрі қызметін атқарған. 1239 дауысты құрайтын федералдық жиынның 931-не ие болған.  Германияның конституциясына сәйкес президентті 630 депутат және мемлекеттің 630 федералдық жерінің өкілдері кіретін арнайы орган сайлайды. Қазіргі уақытта, Германия президенті Иоахим Гаук. Оның өкілеттілігі 18 наурызда аяқталады. Өзінің алғашқы сөзінде Штайнмайер оңшыл ағымдардың ықпалы белең алып бара жатқанын тілге тиек етті. 

«Германия Федеративтік Республикасының бірінші президенті Теодор Хойс алғашқы парламенттің алдында тұрған кезде, Германия азаматтары соғыстан кейінгі қалаларды қалыпқа келтіріп жатты. Әрбір қадам демократиялық мемлекетті құру үшін бағытталған еді. Батыста бой көтерген демократия құлдырап жатса, онда біз оны кешегіден артық бағалауымыз керек»,- деді Германияның жаңа сайланған президенті, Франк-Вальтер ШТАЙНМАЙЕР.  

Германия канцлері сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін, Штайнмайер мемлекетті қиын қыстау кезінде жақсы басқарады деген ой айтты.

«Штайнмайер мемлекет үшін қиын кезеңде президент болмақ және ол жақсы нәтиже көрсетеді деп сенемін. Ол сыртқы істер министрі болған кезде бірге біршама жұмыстарды атқарған едік»,- деді Германия канцлері, Ангела МЕРКЕЛЬ.

  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир