|
10.03.2017 | 10:46
1259

Гватемала президенті үш күндік қаралы күн жариялады

Гватемала президенті үш күндік қаралы күн жариялады. Кеше 8 наурыз күні ел астанасынан 25 шақырым жерде орналасқан отбасы зорлығының құрбаны болған балалар орталығы өртенген еді. Салдарынан 21 жасөспірім қаза тапты. Оның барлығы қыздар. Ал 40-қа жуық жеткіншекті күйік шалып, ауруханаға жеткізілді

«Маған ана ретінде өте ауыр, менің қызым мұндайға лайық емес еді. Құрбан болғандар қатарында қызым жоқ деп үміттенем»,- деді Тұрғын, Каролина ХУАРЕС.

«Өкінішке орай, Бұл ауыр қасірет. Әйелдердің өз құқығын қорғау күні орын алғаны да өкінішті. Бұл ел үшін және бүкіл әлем үшін масқара жағдай»,- деді Жоғарғы сот судьясы, Мария-Евгения МОРАЛЕС.  

¤Бұл орталықта отбасында зорлық-зомбылық көрген, адам саудасының құрбанына айналған 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер өмір сүрді. Белгілі болғандай 400 адамға шақталған орталық соңғы уақытта 500-ден асып толыға түскен. Биліктегілердің ақпарынша, апат болар алдында бірнеше жеткіншек орталықтан оларға қатал қарағандары үшін және жағдайдың нашарлығынан қашып кетуге талпынған. Аталмыш байбаламнан кейін орталықтағы тәрбиешілер олардың бірнешеуін шеттеткен көрінеді. Шамасы салдарынан, балалардың біреуі матрасты өртегенге ұқсайды.

«Қазір ұлттық полиция жағдайдың мән-жайын анықтауда. Не болғанын және жауапты заңды тұлғалардың кім екенін анықтау жүргізіліп жатыр»,- деді Тергеу полициясы бөлімінің басшысы, Сту ВЕЛАСКО.

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир