|
22.02.2017 | 10:08
1094

Ильхам Әлиев өз әйелін Әзірбайжанның бірінші вице-президенті қылып тағайындады

Ильхам Әлиев өз әйелін Әзірбайжанның бірінші вице-президенті қылып тағайындады. Мехрибан Әлиева лауазымды қызметті атқаруға кіріскен. Әзірбайжанның Конституциясына сәйкес, елдің бірінші вице-президенті егер мемлекет басшысы елді басқаруға қауқарсыз болса, онда тізгінді өзіне алады. Айта кетейік, былтыр күзде Әзірбайжанда Конституцияға өзгеріс енгізуге арналған референдум өткен еді. Оған сайлаушылардың 25 пайыздан астамы қатысыпты. Өзгеріске сәйкес, енді президент елді 7 жыл басқара алады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир